Нұр-Сұлтан 16.1°
×
27.04.2022, 10:58
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Каспийде итбалықтар қырылып жатыр

Каспийде итбалықтар жаппай қырылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Каспийде итбалықтар қырылып жатыр
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы Экология департаментінің мәліметінше, оқиға орнына Жайық-Каспий облысаралық бассейн балық шаруашылығы инспекциясы Балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары жедел шықты.

Бұл дерек облыстың құқық қорғау және табиғатты қорғау құрылымдарына, прокуратура, ветеринария органдары мен жергілікті атқарушы органдарға хабарланды.

26 сәуірде сағат 23.00-де бір-бірінен алыс орналасқан әртүрлі жерден 22 итбалық өлексесі табылды. Инспекция қызметкерлері оқиғаның себептерін анықтау үшін жануарлардың өлекселерін зертханада тексеруге болып-болмайтынын тексереді, өйткені өлекселер ыдырап кеткен, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері