×
25.04.2022, 22:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Тараздық жігіт досына несие алып беріп, алданып қалған

Тараздық жігіт досына несие алып беріп, алданып қалған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараздық жігіт досына несие алып беріп, алданып қалған
Яндекс.Новости

20 сәуірде полицияға микрокредиттік ұйымның директоры жүгінді. Өз шағымында өткен жылдың тамыз айында Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны досын алдап, оның атынан микрокредиттік ұйымнан 350 мың теңге көлемінде несие алғанын көрсетті. 

Ер адам досына несие төлейтініне уәде береді, бірақ ешқандай төлем жасамайды, - делінген хабарламада. 

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, үшінші тұлғаларға несие және қарыз алып бермеуге, өз құжаттарының көшірмелерін ешкімге жібермеуді ескертеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері