Нұр-Сұлтан 16.1°
×
30.03.2022, 13:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Ғалымдар микробтарды 98%-ға дейін жоятын жаңа сәулелену түрін ойлап тапты

Америкалық және британиялық ғалымдар ультракүлгін сәулеленудің Far-UVC атты жаңа түрін ойлап тапты. Бұл – бөлменің ішіндегі микробтарды адам денсаулығына қауіп төндірместен 98%-ға дейін жоюға қауқарлы ультракүлгін сәулелену, деп хабарлайды Elorda.info Колумбия университетінің сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар микробтарды 98%-ға дейін жоятын жаңа сәулелену түрін ойлап тапты

Far-UVC бөлме ішіндегі белсенді микробтарды түгелдей-дерлік жояды, осылайша ондағы ауаны даладағы ауа секілді тазартады, – дейді зерттеу авторларының бірі Дэвид Бреннер.

Ғалымның айтуынша, Far-UVC сәулеленуін адам көп жиналатын орындарда пайдалану келесі ықтимал пандемияның алдын алуы мүмкін. 

Зерттеулер көрсеткендей, жаңа технология COVID, тұмау және басқа да вирустардың таралуын болдырмайтын жақсы әрі арзан әдіс бола алады, – деп толықтырды сөзін Бреннер.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері