Нұр-Сұлтан 17.9°
×
11.02.2022, 14:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу жеңілдетіледі

Қазақстанда жеңіл жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу үшін құжаттарды ресімдеуге мүмкіндік беретін Еурохаттама қабылдау жоспарлануда, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу жеңілдетіледі
фото: ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің мәліметінше, Еурохаттама сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі болып есептеледі. Ол әсіресе Еуропа елдерінің көпшілігінде және Ресей, Беларусь, Украина, Армения және Өзбекстан сияқты бірқатар ТМД елдерінде ұсынылған.

Бүгінде жолдарда көптеген ұсақ жол-көлік оқиғасы болады. Оның көбісінде адам зардап шегіп, мүлікке зиян келмейді. Бірақ сақтандыру төлемін алу үшін жүргізушілер жол полициясы қызметкерлерін шақырып, хаттама толтырып, сот шешімін күтеді. Бұл процесс екі айға дейін созылады. Сақтандыру нарығын дамыту туралы заң жобасын қарау барысында Мәжіліс депутаттары жеңіл жазатайым оқиғалар кезінде сақтандыру төлемдерін алу тәртібін жол полициясы қызметкерлерінің қатысуынсыз Еурохаттама негізінде оңайлату мәселесін көтерді, – делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, бұл процедура жазатайым оқиғаны тіркеу және зардап шеккендердің сақтандыру төлемдерін алу уақытын айтарлықтай қысқартады.

Еурохаттама мынадай шарттарда қолданылуы мүмкін:

  • жол-көлік оқиғасы екі көліктің соқтығысуы нәтижесінде болса;
  • жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралдарына ғана зиян келсе (өмірі мен денсаулығына зиян келген жәбірленушілер болмаған, үшінші тұлғалар мүлкіне зиян келтірілмеген жағдайда);
  • ЖҚО-ға ұшыраған екі жүргізушінің де сақтандыру полисінің болуы;
  • ЖКО-ға қатысушылар арасында кім кінәлі деген мәселеде келіспеушіліктердің болмауы;
  • ЖКО-ны тіркеу сот шешімінсіз және ішкі істер органдары қызметкерлерінсіз жүргізілсе;
  • сақтандыру төлемі бір сақтандыру жағдайы бойынша 100 АЕК (2022 жылы 306 мың теңге) шегінде жүзеге асырылады.
Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері