Нұр-Сұлтан 16.1°
×
10.02.2022, 10:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Қатаң сақтау керек!»: ІІМ көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үн қатты, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қатаң сақтау керек!»: ІІМ көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
Фото: дереккөз

«Қазгидромет» синоптиктері мәліметінше, 10-12 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірінде ауа райы нашарлап, антициклон, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Көктайғаққа, жаңа жауған қарға байланысты көліктер арасындағы қашықтықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау керек, сондай-ақ, оқыс қимылға жол бермеу керек, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ІІМ жүргізушілерді ауа райын ескеріп, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге бармауға шақырды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері