Нұр-Сұлтан 20.6°
×
28.01.2022, 23:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ертеңгі ауа райы қандай болады

Ертең, яғни 29 қаңтарға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен маңызды ауа райы құбылысының болжамы жарияланды, деп хабарлайды Elorda.info «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

Ертеңгі ауа райы қандай болады

Атмосфераның фронтальды бөліктері ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, осыған байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын болады, түнде және таңертең республиканың оңтүстігіндегі таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, боран, көктайғақ күтіледі. Ал республиканың солтүстігі мен шығысында антициклон екпіні әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Түркістан облысының оңтүстік және таулы аймақтарында тұман, күндіз көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарда желдің күшеюі 17-22, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, таулы асуларда екпіні 30 м/с жел күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман күтіледі, облыстың оңтүстік - батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында солтүстікте тұман түседі, орталықта және шығыста жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.

Маңғыстау және Атырау облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстікте, Қарағанды облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысында Алакөл маңында жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз батыста, солтүстікте және таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері