Нұр-Сұлтан 9.4°
×
28.01.2022, 08:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін ауа райы қандай болады

Бүгін атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап.

Бүгін ауа райы қандай болады

Күндіз оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. 

Тек еліміздің орталығы мен шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында - көктайғақ, солтүстігінде - тұман, батысында және шығысында – желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде батысында, таулы аудандарында тұман түседі.

 Таңертең және күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда жел екпіні 23 м/с болады.

 Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, орталықта жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күннің екінші жартысында көктайғақ болады, бұрқасын соғады. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығысында күндіз жел екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда көктайғақ болады. Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында тұман түседі.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері