Нұр-Сұлтан 8.6°
×
27.01.2022, 20:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тұрмыстық зомбылықты романтизациялағаны үшін Chanel брендін сынға алды

Әлеуметтік желіде Chanel брендінің жуырда Парижде өткен сән көрсетілімі қызу талқыға түсіп жатыр. Желі қолданушылары шоудағы модельдердің макияжын, дәлірек айтсақ, көздің айналасына жағылған қара түсті бояуды сынға алуда, деп хабарлады Elorda.info.

Тұрмыстық зомбылықты романтизациялағаны үшін Chanel брендін сынға алды
Фото: instagram.com/chanelofficial/

Көрсетілім ұйымдастырушыларының ойынша, мұндай бояну стилі ХХ ғасыр басындағы авангардтық мейкапты білдіруі керек болған, бірақ көпшілік оның тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарын еске түсіретінін айтып наразы болуда.

Мына көрсетілімнен өзімді нашар сезіндім. Өкінішке қарай, модельге құдды біреу зорлық-зомбылық көрсеткен секілді қабылдадым, – дейді Дженнифер Каплис есімді желі қолданушысы. 

Лиза Дрю есімді тағы бір юзер:

Бұл – ешқандай да сән үлгісі емес, тұрмыстық зорлықтың символы. Өзім онымен жақсы таныспын, – деп жазады.

Одан бөлек, көрсетілімде жануарлардың қатысуы да жұртшылыққа ұнамаған. Шоуды ашқан Шарлотта Казираги подиумға атпен шыққан. Желі қолданушылары жылқының көрсетілім кезінде стресс сезінуі мүмкін екенін айтып, мұны жануарларға қатысты әдепсіз көзқарас деп атады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері