Нұр-Сұлтан 9.4°
×
27.01.2022, 16:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қорына қомақты қаржы аударды

Қоғам қайраткері, бизнесмен, меценат Болат Өтемұратов "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 10 миллиард теңге аударды, деп хабарлады Elorda.info.

Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қорына қомақты қаржы аударды

Қорға 16-25 қаңтар аралығында 42 миллиард теңгеден астам қаражат түскен еді.

"Қазақстан халқы" қоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды. Бұған дейін Президент қор жұмысы "ашық болатынын" айтқан.

Барлық ірі компаниялар мемлекет белгілеген салық салынатын кірістің пайызын пайдалы қайырымдылық қызметпен айналысатын қорға аударады. Бизнес-қауымдастық бұл бастаманы шын жүректен қолдайды, сондай-ақ қорды жүзеге асыруға көмектеседі деп сенемін, – деді Қ.Тоқаев.

Қаржы денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт мәселелерін шешуге жұмсалады. Қор жетім және басқа да дертке шалдыққан балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарының мұқтаждарына, қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына, құқық қорғау және арнайы органдарға, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсететін болады.

Айта кетейік, қорды Болат Жәмішев басқарады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері