«Қазгидромет» РМК 27 қаңтар күнгі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Кәсіпорын ұсынған мәліметке сенсек, бүгін, 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Басқа қалаларда метеожағдай бірқалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.