Нұр-Сұлтан 18.6°
×
26.01.2022, 08:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Елдің батысында, солтүстігінде және шығысында фронтальдық бөлімдер, көбінесе қар түрінде жауын-шашын, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі және көктайғақ құбылыстарын алып келеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Қазақстанның қалған бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді онымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. 

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман, күндіз солтүстік – батысында, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман түседі. 

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с жел күшейеді. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, батысында тұман болжанады. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, Атырау облысының орталығында, солтүстікте, шығысында Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері