Нұр-Сұлтан 9.9°
×
21.01.2022, 09:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жамбыл облысының тұрғыны 32,5 келі гашишті Қарағандыға пойызбен жеткізбек болған

Қарағандыға гашиштің ірі партиясын әкелмек болған Жамбыл облысы Шу ауданының тумасы ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, күдікті қылмысқа дайындалған сәттен бастап бақылауға алынған. Оның Қарағандыға пойызға билет сатып алғаны туралы ақпарат түскен бойда оны ұстау шаралары қолға алынды. Ал таңғы сағат 5:00-де күдіктіні тау-кен астанасына келген бойда облыстық Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Одан жол сөмкесі тәркіленді, оның ішінде 32,5 келіден астам гашиш салынған үш пакет болған.

Ведомство тәркіленген гашиштің салмағы аса ірі мөлшерде екенін және оның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын атап өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері