Нұр-Сұлтан 9.9°
×
20.01.2022, 18:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жамбылдық полицейлер жерге көмілген қару-жарақ тауып алды (ФОТО)

Бүгін - 20 қаңтарда Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ тауып алды, деп хабарлады Elorda.info ПД-ға сілтеме жасап. 

Жамбылдық полицейлер жерге көмілген қару-жарақ тауып алды (ФОТО)
Фото: дереккөз

Белгісіз адамдар 8 автомат пен оған арналған 17 оқжатар, 1 граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтықты және 1 дана пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалметов.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Табылған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпаратты полицияға жеткізу туралы хабарламадан соң, «102» арнасына тұрғындардан қоңыраулар келіп түсе бастаған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері