Нұр-Сұлтан 8.6°
×
20.01.2022, 14:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Instagram ақылы жазылуды енгізеді

Енді блогерлер өз аудиториясын жіктеп, өзіне ақылы түрде жазылған оқырмандарға ғана арнап тікелей эфирге қосылып, жазбалар мен қысқа бейнероликтер жариялай алады. Бұл туралы Elorda.info Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Instagram ақылы жазылуды енгізеді

Америкалық танымал Instagram әлеуметтік желісі ақылы жазылуды енгізіп, блогерлерге өз контенті арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. Бұл туралы әлеуметтік желі басшысы Адам Моссери өз парақшасында хабарлады.

Біз Instagram шығармашылық адамдар шоғырланған үздік орынға айналуын және мұндай тұлғалар сүйікті ісімен айналысып, табыс табуын қалаймыз. Жазылым авторларға ақша табуға және өзінің белсенді оқырмандарымен тығыз байланыс орнатып, оларға эксклюзивті контент ұсына алады. Алдағы бірнеше ай бойы бұл тестке мейлінше көп авторды тартуға тырысамыз. Одан кейін бұдан да үлкен жаңалықтар болады, - деп жазды Моссери.

Блогерлер жаңа ақылы функцияның көмегімен өз аудиториясын жіктейді. Өзіне ақылы түрде жазылған оқырмандарға ғана арнап тікелей эфирге қосылып, жазба мен қысқа бейнероликтер жариялай алады.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желі контент жасаушылар үшін ақылы оқырмандарды арнайы белгімен ерекшелейді. Жаңа функция АҚШ аумағында сынақтан өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері