Нұр-Сұлтан 8.6°
×
20.01.2022, 08:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда 28 градусқа дейін суық болады

Синоптиктер 20, 21 және 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда 28 градусқа дейін суық болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, батыс және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен жауын-шашын мен қар жауады, жел соғып, көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Елдің басым аумағында ауа температурасы төмендейді. Батыс облыстарда ауа температурасы түнде 18 градусқа дейін, күндіз 11 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде 28-ге дейін, күндіз 20 градус аяз болады, - делінген хабарламада.

Оңтүстік өңірлерде  күн жылы болады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері