Нұр-Сұлтан 13.9°
×
19.01.2022, 09:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жамбылда терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады

Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі тоқтатылғанына қарамастан терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады, деп хабарлады Elorda.info.

Жамбылда терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы жедел штабының мәліметінше, терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша күзет, іздестіру, анықтау шаралары және блок-бекеттердің жұмысы жалғасып жатыр.

Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына бірқатар әрекетке жол беріледі, оның ішінде жеке тексеріс және азаматтардың заттарын, көліктерін қарау, сондай-ақ, олардың қозғалысын уақытша шектеу немесе тыйым салу қарастырылады. Сондай-ақ, шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері