Нұр-Сұлтан 13.9°
×
18.01.2022, 16:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда жеке сот орындаушыларына қойылатын біліктілік талабы өзгерді

Әділет министрі жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекітуге өзгерістер енгізді, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда жеке сот орындаушыларына қойылатын біліктілік талабы өзгерді
фото: ашық дереккөзден

Енді жеке сот орындаушысы болып қызмет етушіге мынандай талаптар қойылады:

  • ҚР азаматтығы болуы;
  • "Құқықтану" мамандығы бойынша жоғарғы білімі болуы;
  • Талаптардың біріне сай келуі;
  • Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестациядан сәтті өту;
  • Жоғарғы сот кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсыру, соттағы тағылымдамадан сәтті өту және облыстық немесе соған теңестірілген соттың жалпы отырысында оң баға алу;
  • судья лауазымында қалуға немесе дәлелді себептер бойынша судьяның өкілеттігін тоқтатуға;
  • прокурор немесе тергеуші лауазымындағы кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
  • атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
  • Бұйрық 2022 жылғы 19 наурыздан бастап күшіне енеді
Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері