Нұр-Сұлтан 12.4°
×
18.01.2022, 13:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Алматы әуежайындағы рейстер шегеріліп жатыр

Алматыны қалың тұман басты. Салдарынан бірнеше әуе рейстері шегерілді, деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы әуежайындағы рейстер шегеріліп жатыр
фото: РИА Новости

Бүгін ондаған рейс ұшуға дайындалған. Сондай-ақ, дәл осындай мөлшерде қонуы керек болған.

Қазіргі сағатта Fly Arystan әуекомпаниясының Қостанайдан келетін бір рейсі шегерілгені белгілі болды.

Сондай-ақ, Алматыдан ұшатын 11 халықаралық және ішкі рейс уақытынан кешігіп жатыр. Олардың бірін Fly Arystan, екіншісін Fly Jet, ал қалғандарын Air Astana орындайды.

Әуеайлағының ресми сайтында рейстердің ұшуы мен қонуы жағдайын онлайн бақылауға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері