Алматыда терроризмге қарсы операция кезінде 2 748 адам ұсталып, 131 қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлады Elorda.info.
Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығының мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 748 қатысушысы ұсталды. 131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.
Өткен тәулікте «102» пультіне 437 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 41 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді, - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.