Нұр-Сұлтан 8.6°
×
17.01.2022, 18:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматының қақ ортасында қару ұстаған екі ер адам ұсталды

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқан екі адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Алматының қақ ортасында қару ұстаған екі ер адам ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қарулы 38 және 35 жастағы ер адамды ұстады. Олардың қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқаны белгілі болды.

Күдіктілерді Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында ұстады. Олардан қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған «SM12 steyr mannlicher austria» маркалы екі аңшы мылтығын тәркіледі. Белгілі болғандай, 38 жастағы М.есімді азамат және 35 жастағы Р.есімді азамат Алматы облысынан келген, - делінген хабарламада.

Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Қару тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері