Нұр-Сұлтан 9.4°
×
17.01.2022, 19:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ІІМ сенім телефондарына 19 шағым түсті

ІІМ сенім телефондарына 19 шағым түсті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ сенім телефондарына 19 шағым түсті

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметі және оның аумақтық бөлімшелері азаматтардың хабарламаларын тәулік бойы қабылдауды және қарауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жедел кері байланыс жолға қойылған.

Өткен тәулікте 62 хабарлама келіп түсті, оның ішінде 43-і консультативтік-анықтамалық сипатта болды (көші-қон, құжаттандыру, автокөлікті, айыппұлдарды, сақтандыруды, ақылы жолдарды тіркеу, мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы, ЖКО және т.б. мәселелер). Әрбір жағдайға байланысты құзыретіне сәйкес түсініктемелер беріледі, - делінген хабарлама.

Өңірлердегі өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінің сенім телефондарына азаматтардан туыстарын іздестіру және ұсталу мәселесіне қатысты 12 хабарлама келіп түсті.

Семей, Қызылорда және Павлодар қалаларының үш тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік соттардың шешімімен (тәртіп бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, шерулерге қатысу) әкімшілік қамауға алудың әртүрлі мерзімдеріне тартылғаны анықталды. Үш алматылық, екі тараздық және бір Семей тұрғыны соттың санкциясымен прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу аясында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қостанай және Ақтөбе қалалары тұрғындарының ұялы телефондарын алу бойынша 3 өтініш түсті (2). Тексеру нәтижесінде прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу аясында барлық телефондарды алып қойғаны анықталды. Павлодар қаласында ерлі-зайыптылардың құқық қорғау органдарына жеткізілу себептері, көлік құралын заңсыз тоқтату, сондай-ақ Талдықорған қаласында ұялы телефонды алып қою туралы ақпарат тексерілуде.

Полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты барлық хабарламалар мен шағымдар мұқият тексеріліп, әрбір жүгінген адамға толық ақпарат беріледі, – деп мәлімдеді ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері