Нұр-Сұлтан 8.6°
×
17.01.2022, 16:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойма табылды, деп хабарлады Elorda.info.

Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойманы анықтады. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, 14 қаңтарда "Қордай" автожол бекетінде Қырғызстан азаматы ұсталды. Көліктің жүк салғышын тінту кезінде ер адамда 50 литрлік мөр, 4 халықаралық төлқұжат, 20 банк картасын тапқан.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері