Нұр-Сұлтан 9.4°
×
17.01.2022, 15:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақтөбеде комендант сағаты тәртібін бұзғандар қамаудан босатылды

Ақтөбеде коменданттық сағат тәртібін бұзып, әкімділік жазаға тартылғандар апелляциялық сот алқасының қаулысымен қамаудан босатылды, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбеде комендант сағаты тәртібін бұзғандар қамаудан босатылды
Фото: inform.kz

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 10 адамға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабының 1-бөлігінің 10-тармағы (Коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу бөліктерінде орындамау) бойынша 10 адамға қатысты іс қаралды. Бірінші сатыда оларға қатысты қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот алқасы олардың жауапкершілігі ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетті. Апелляциялық сот алқасының қаулысымен 10 тұлға әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазадан босатылды. Сот актілері заңды күшіне енді, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері