«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18, 19 және 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Синоптиктердің айтуынша, Қара теңіз аудандарынан келетін Батыс антициклоны Қазақстан аумағындағы ауа райына әсер етеді. Антициклон елдің солтүстігіне аяз алып келеді, күн суытып, жауын-шашын тыйылады.
Ал Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан келетін Циклон ауа райына әсер етеді. Жаңбыр мен қар жауып, екпінді жел соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Осылайша солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде термометр бағандары түнде 10-25 градус аязға, батыста 5-15 градус аязға, оңтүстікте 0-15 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған, - делінген хабарламада.