Нұр-Сұлтан 8.6°
×
17.01.2022, 10:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордада 1800-ден астам жұмысшы қар күреу жұмысына жұмылдырылды

15 қаңтарда Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмысына 1 800-ден астам жол жұмысшы шықты. Сондай-ақ 1 000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада 1800-ден астам жұмысшы қар күреу жұмысына жұмылдырылды

Елорданың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде, сондай-ақ тәулік бойғы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Мәселен, 14 қаңтардан 15 қаңтарға қараған түні елордадан 22 839 текше метр қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 1 680 рейс жасалды. Қысқы кезеңде Нұр-Сұлтаннан 2 млн текше метрге жуық қар шығарылды.15 қаңтарда елордада көшелердің қарын күреу жұмысына 1 000-нан астам арнайы техника мен 1 800-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Ереже бойынша бірінші кезекте кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері