Нұр-Сұлтан 17.1°
×
16.01.2022, 19:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды

Облыс әкімінің 14 қаңтардағы өкімімен Қайрат Уразбаев берген өтінішінің негізінде Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлады Elorda.info.

Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды

Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

"Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Алайда, ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды. Қазір Атырау қаласы әкімінің міндетін атқару қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражановқа жүктелді", – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері