Нұр-Сұлтан -11.9°
×
14.01.2022, 09:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада коменданттық сағат кезінде жолаушыларды қарсы алып, шығарып салуға рұқсат етілді

Коменданттық сағат кезінде елордада әуежай мен теміржол вокзалдарынан жолаушыларды қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат беріледі, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада коменданттық сағат кезінде жолаушыларды қарсы алып, шығарып салуға рұқсат етілді

Міндетті шарт – билеттің (фото) және жеке басты куәландыратын құжаттарының өзімен бірге болуы, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қаланың комендатурасына сілтеме жасап.

Бұл шаралар жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданды.

Сондай-ақ коменданттық сағат кезінде жолаушыларды жеткізу мақсатында қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» – «Нұрлы жол вокзалы» қатынасындағы маршруттық автобустарды арнайы іске қосты, олар 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін қатынайды.

Комендатура қалада коменданттық сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін екенін еске салды. Қала тұрғындарына сыртқа шығуға тыйым салынады. Елорданы құқық қорғау органдары тәулік бойы күзетеді.

Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар комендатураның жедел штабына 71 60 20 нөмірі бойынша немесе «IKomek109» қызметіне хабарласа алады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері