Нұр-Сұлтан -11.9°
×
13.01.2022, 20:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда сотталғандарға қысқа метражды фильмдер көрсетілді

Нұр-Сұлтанда сотталғандар қысқа метражды фильмдерді көрді, – деп хабарлады Elorda.info  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда сотталғандарға қысқа метражды фильмдер көрсетілді

Елдегі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ҚАЖ мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізілді, яғни туыстарымен кездесу, мекемеден тыс жерлерге шығу, жұмысқа орналасқан сотталғандар мекемеден тыс жұмыстан кері қайтарылды және басқа да шектеу шаралары енгізілді.

Сотталғандар тарапынан жаппай қанағаттанбауды болдырмау үшін, моральдық-психологиялық ахуалды жеңілдетуге Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД колония-қонысы психологтары қысқа метражды фильмдерді көрсетті.

Бүгін сотталғандардың назарына «Көбелек циркі» фильмі ұсынылып отыр, бұл ерік-жігер мен адамның өзіне деген сенімі туралы фильм. Біз басқалардың пікіріне алаңдаймыз. Сіздің қабілеттеріңізге сенетін адам пайда болған кезде бірақ сіз өзіңізге сене бастайсыз. Бұл фильм берілмеуді, әрқашан алға ұмтылуды үйретеді, – деді ЕЦ-166/10 мекемесінің психологы Зәуре Мусина.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері