Нұр-Сұлтан -11.7°
×
13.01.2022, 12:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматыда тағы екі аудан лаңкестерден тазартылды

Алматы қаласының Бостандық және Түрксіб аудандары қылмыскерлерден тазартылып, 1925 адам қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info.

Алматыда тағы екі аудан лаңкестерден тазартылды
Фото: ҰҚК

Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығының мәліметінше, арнайы операция барысында Бостандық және Түрксіб аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 925 қатысушысы ұсталды. 38 бірлік атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді.

Өткен тәулікте «102» пультіне 961 хабарлама келіп түсті, комендатураның Call орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді,- дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері