Нұр-Сұлтан -11.7°
×
13.01.2022, 10:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда әуежайынан вокзалға автобустардың арнайы рейсі қатынайды

Алматы қаласының халықаралық әуежайының жұмысын уақытша тоқтатылуына байланысты әуе рейстері жолаушылардың кейіннен теміржол көлігі арқылы Алматыға келуі үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді. Бұл туралы Elorda.info  City Transportation Systems ЖШС-ға сілтеме жасап.

Елорда әуежайынан вокзалға автобустардың арнайы рейсі қатынайды

Коменданттық сағат кезінде жолаушыларды жеткізу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» - «Нұрлы жол» вокзалы қатынасындағы маршруттық автобустардың арнайы рейсін сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 30-60 минут аралықпен іске қосады, -делінген хабарламада.
 

Төлем белгіленген 90 теңге тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері