Нұр-Сұлтан 19.7°
×
08.01.2022, 14:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 50-55 теңгеге түсті

Ақтөбе облысында сұйытылған газ бағасы төмендеді, деп хабарлады Elorda.infо ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 50-55 теңгеге түсті
Фото: inform.kz

Қазіргі кезде облыс орталығы мен аудандарда баға литріне 50 теңге. Ал шалғай ауылдарда 55 теңге.

Ақтөбеде газ құю станциялары түгелге жуық жұмыс істеп тұр. Баға 50-55 теңге. Жанар-жағармай бағасы, соның ішінде АИ-92 орта есеппен 175 теңге. Қор жеткілікті,- деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Кендеханұлы.

Темір ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ауданда 8 газ құю бекеті бар. Баға 50-55 теңге. Айта кетейік, Ақтөбеде 200-ге жуық газ құю станциясы бар. Теміржол қатынасы қалпына келгенде тасымалдау да жалғасты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері