×
08.01.2022, 13:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеуде

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеуде
фото: Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасында төтенше жағдай басталғаннан бері Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Елорданың әуе айлағының барлық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Рейстер әуе компанияларының шешімімен тоқтатылып жатыр.

Рейстерді кешіктіру, тоқтату, қайта брондау жөніндегі барлық сұрақтар бойынша авиакомпаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуды сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері