Елорданың қоғамдық көліктері штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл турлы «City Transportation Systems» компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Elorda.info.
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Төлем жол жүру картасы арқылы жасалады. Ал Интернет байланысының шектеулігіне байланысты QR-кодпен төлем жасауда қиындықтар туындап отыр. Қоғамдық көлікте мұндай тәсіл арқылы төлем жасай алмаған жолаушылар сапарын одан ары жалғастыра алады, - деді CTS баспасөз қызметінің өкілі.