Нұр-Сұлтан 24.4°
×
30.12.2021, 15:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақтың рухын көтеру үшін шындықты түсіру керек екен – «Ирина Кайратовна» мүшесі

«Ирина Қайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов «Отыздан асып барамын» фильмі туралы ойымен бөлісті. Ол халықтың рухын көтеру үшін шындықты түсіру жеткілікті екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info

Қазақтың рухын көтеру үшін шындықты түсіру керек екен – «Ирина Кайратовна» мүшесі
Фото: ашық дереккөз

Барлықтарыңызға рахмет, бірақ бір байқағаным, қазақтың рухын көтеру үшін әшейін ғана шыңдықты әдемі түсіріп беру керек екен.
Біздің Қуаныш («ИК» және фильм режиссері Қуаныш Бейсеков) гений, сөзсіз. Бүкіл командаға да рахмет, естеріңізде болсын, «ИК» деген енді 6 бала емес, бүкіл көмектескен жұрт.

Тәуелсіздік деген – аманат, біз – келесі толқын жастары оны толықтай түсінуіміз керек, – деді Алдияр Жапарханов.

«Ирина Қайратовна» шығармашылық бірлестігі тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай халыққа «Отыздан асып барамын» фильмін тарту етті. YouTube-та жарияланған кинокартина 11 күнде 6 миллионнан астам қаралым жинады. Фильмде Қазақстанның 30 жылдағы бет-бейнесі көрініс тапқан. 

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова «Ирина Қайратовна» түсірген осы фильмге орай пікір білдіріп, топ мүшелеріне ренжулі екенін жазған болатынбыз

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері