Нұр-Сұлтан 28.4°
×
30.12.2021, 14:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және мереке күндері ХҚО мен автоХҚО-лар 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтарда жұмыс істемейтінін хабарлайды. 5 және 6 қаңтарда барлық ХҚО-лар штаттық режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Мемлекеттік корпорация қызметтердің 93%-ы онлайн тәсілмен қолжетімді екенін еске салады.

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, @kenes1414bot телеграм-боты арқылы ала алады.

Сондай-ақ азаматтарға 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, бөлімдердің жұмыс кестесін және қажетті құжаттар пакетін алдын ала білуге кеңес береміз, – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері