Нұр-Сұлтан 16°
×
29.12.2021, 15:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Өртеніп кетуі екіталай»: Жамбылдағы жарылыстан соң жоғалған сержантты іздеу жалғасып жатыр

Парламент Мәжілісінің отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов Жамбыл облысындағы қоймада болған жарылыстан соң із-түзсіз жоғалған 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары неге ұзаққа созылып кеткенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Өртеніп кетуі екіталай»: Жамбылдағы жарылыстан соң жоғалған сержантты іздеу жалғасып жатыр
Фото: ашық дереккөз

Ол бүгінде сержант Дәуітбаевты іздеу жұмыстары мен тергеу жалғасып жатқанын мәлім етті.

Іздеу жұмыстары ұзаққа созылды. Бұл іске көп ресурс тартылды. Ауа райы іздеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ жұмыс жалғаса береді деп ойлаймын. Іздеу жұмысының басты қиындығы - гарнизон үлкен. Іздеу жұмыстарына жұмылдырылып жатқан әскери қызметкерлер бар. Оның денесі түгелдей өртеніп, түгі қалмауы екіталай. Оны барлық аумақта іздестіріп жатыр, - деді Тұяқов.

Сондай-ақ министрдің орынбасары ауа райына байланысты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Үкімет комиссиясы жұмыс істеп жатыр, оны вице-министр басқарады. Бұл комиссия аясында кешенді жұмыстар жүргізіледі. Жаңа қоймалар құрылады, онда оқ-дәрілер жеткізіледі. Бірнеше жаңа қойма салуға көп болмаса да белгілі бір сома қажет. Бұл – ИИДМ құзіретінде, - деді ол. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері