Нұр-Сұлтан 15.9°
×
28.12.2021, 21:29
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде қай ел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке жиі тартылады

Қазақстанда әкімшілік жауапкершілікке көбінесе ТМД елдерінің азаматтары тартылатындығы белгілі болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Смайлов мәлім етті, деп хабарлайды Elorda.info Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Елімізде қай ел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке жиі тартылады

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі мәліметке сәйкес Қазақстанға соңғы 5 жыл ішінде 20 млн 877 мың шетел азаматы келген. Оның 93 пайызы ТМД елдерінің азаматтары. Сондай-ақ, 5 жыл ішінде 400 мыңға жуық (395 755) шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 95 пайызы ТМД елдерінің азаматтары», - деді Е. Смайлов Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында жасаған баяндамасында.

Сондай-ақ депутат аталған уақыт ішінде шетел азаматтарының қатысуымен елімізде 10 974 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгенін алға тартты.

«Оның ішінде 3,8 мыңы мүлік қылмысы, яғни ұрлық пен қарақшылық. 414 - адамға қарсы қылмыс. Нақтырақ айтқанда, 165 кісі өлтіру және 249 адам денсаулығына ауыр зиян келтіру. Одан бөлек, 172 шетел азаматы зорлау фактісі бойынша жазаланды», - дейді ол.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Қазақстанда балалар төлқұжатының қолдану мерзімін қысқартуды ұсынған болатын. Одан бөлек, елімізде ересектер төлқұжатының беттері көбеюі мүмкіндігі туралы айтылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері