Нұр-Сұлтан 15.9°
×
28.12.2021, 18:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Саяхатшылардың 45%-ы қашықтан жұмыс істеу үшін сапарға шығуды таңдайды – зерттеу

Covid-19 пандемиясы еуропалықтардың саяхаттауды жоспарлаудағы әдеттерін қалай өзгерткенін білу үшін Microsoft Advertising 18-65 жас аралығындағы 600-ден астам саяхатшының арасында «2021 жылға Еуропаға саяхаттар перспективасы» сауалнамасын жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

Саяхатшылардың 45%-ы қашықтан жұмыс істеу үшін сапарға шығуды таңдайды – зерттеу

Биыл адамдардың саяхаттауда ең көбірек алға қойған үш мақсаты – менталды денсаулығын жақсарту үшін үзіліс жасау, карантиннен қашу және жаңа тәжірибеге қол жеткізу болғаны анықталды. Бұған қоса, сауалнама әртүрлі жас топтарындағы адамдардың саяхаттауды жоспарлауда әртүрлі әдеттер мен тәсілдерді қолданатынын да анықтады.

Өткен жылы қозғалуды шектеу бойынша қабылданған шаралар туристік салаға қатты әсер етті. “Сапарыңызды пандемияға қатысты кейінге қалдырдыңыз ба?” деген сұраққа респонденттердің жартысынан көбі (51%) «иә» жауап берсе, 57%-ы саяхаттарын қайтадан жоспарлауға тура келгенін жеткізген. Осылайша, сауалнама нәтижелері сапарды жоспарлау тәсілінің де өзгергенін растады. Бұрынырақ, тиімді ұсыныстарды алу үшін саяхатшылар демалыстарын бірнеше ай бұрын жоспарлауды дұрыс көретін. Алайда Microsoft Advertising сауалнамасының деректері бүгінде жағдайдың өзгергенін көрсетті, себебі еуропалықтардың жартысына жуығы (48%) енді демалысын сапар шегетін күніне жақындағанда брондауды құп көретін болыпты. Елдердегі шектеулердің өзгеруі саяхатшыларды әлдеқайда икемді тәсілге бейімделуге мәжбүрледі, соның нәтижесінде сұралғандардың көпшілігі (61%) өздерінің тұратын үй-жайын икемді бас тарту саясатымен брондайтынын растаса, сауалнамаға қатысқандардың 65%-ы жоспарлау сатысының өзінде-ақ брондаудың бас тартуға болатын икемді нұсақаларын таңдауға бейім екендерін мәлімдеді. Бұл орайда сұралғандардың 23%-ы бас тарту мүмкіндігі бар бірден көп сапар нұсқаларын таңдайтынын айтса, 40% барынша тиімді ұсынысты алу үшін барлығын алдын ала жоспарлайтынын атап өткен.

Сонымен бірге, зерттеу карантиндік шектеулердің жағымсыз тәжірибені әкеліп қана қоймағанын да көрсетті. Мысалы, респонденттердің үштен бірінен астамы (38%) карантиндік ахуал бір ғана тұрғылықты жерден бас тартып, барынша көшпелі өмір салтын ұстануға мүмкіндіктерді ашқанын айтты. Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығын (46%) құрайтын қашықтан жұмыс істейтіндер бұрындары өздері демалыс ала алмаған кезеңде демалыс алу мүмкіндігі қазір туып отырғанын айтты.

Гибридті жұмыс режимі саяхатшылардың өз сапарларын демалыс күндерінен тыс уақытқа жоспарлай алатынын білдіреді. Қашықтан жұмыс істеу режимі саяхатшылардың жартысына жуығының (45%) жағдайды өзгертіп қана қоймай, жұмыс істеуге де болатын сапарларды таңдауына алып келді. Көптеген қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер (53%) жаңа жұмыс моделінің арқасында өздерінің жүйелі түрде сапарға шығуға мүмкіндік алғанын айтты. Бұл әсіресе миллениалдарға (23-38 жас) қатысты, олардың 56%-ы демалыс пен қашықтан жұмыс істеуді біріктіру үшін саяхаттайды.

Гибридті жұмыс қашықтан істелетін жұмыс пен кеңседегі жұмысты біріктіру енді корпоративтік ортада ұзақ уақытқа дейін қалады. Басшылардың оннан тоғызынан астамы (97%) ұзақмерзімді перспективада гибридті форматта жұмыс істеу үшін көбірек мүмкіндіктерді күтеді, ал компаниялардың басым көпшілігі (83%) енді икемді жұмыс саясатына көшкен.

Деректер икемділік және гибридті жұмыс бұл жаңа шынайылық және жаңа мүмкіндіктер, олар адамдарға саяхаттаудағы әдеттерін өзгертуге, оларды жоспарлау тәсілдеріне түзетулер енгізуге және бір жағынан өз өмір сүру салттарын өзгертуге мүмкіндік береді, өйткені олар әлемнің кез келген нүктесінде отырып жұмыс істей алады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері