Нұр-Сұлтан 8.6°
×
28.12.2021, 15:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүлдіршіндерді ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда бүлдіршіндерді ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ақпаратты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Elorda.info.

Бүлдіршіндерді ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

Кеше жекеменшік балабақша тәрбиешісінің ерсі қылығы бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тараған еді. Ата-аналар балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалғанын айтқан болатын. Артынша полиция сол оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. Бүгін тәрбиешінің өзіне қол жұмсағаны анықталып отыр.

Алматы қалалық ПД 1979 жылы туған Б. есімді азаматшаның өзіне-өзі қол жұмсағанын растайды. Қазіргі таңда Жетісу аудандық ПБ қызметкерлері ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән жайы анықталуда, - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері