Нұр-Сұлтан 20.6°
×
28.12.2021, 15:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде ескі көліктерді қабылдау қайта жүргізіледі

Істен шыққан көлік құралдарын жоюға қабылдау 2022 жылдың 5 қаңтарынан қайта басталады, деп хабарлады Elorda.info «ӨКМ Операторы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде ескі көліктерді қабылдау қайта жүргізіледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тозығы жеткен 70 мың ескі көлікті (жеңіл және жүк техникасын) қабылдауға квота бөлді. Енді 5-ші қаңтардан бастап көлік қабылдаудың электронды кезегі ашылып, өңірлердегі 18 бекет өз жұмысын бастайды.  

2022 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты, көлік құралының санаты мен жиынтығына байланысты 165 402 теңгеден бастап 606 474 теңгеге дейінгі аралықта болады.     

Көлік санаты

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

Берілетін өтемақы (теңге)

М1

72

220 536

М1 (2)

54

165 402

М2, N2, N1

144

441 072

М2, N2, N1 (2)

126

385 938

М3, N3

216

661 608

М3, N3 (2)

198

606 474

Биыл қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекордтық нәтиже көрсетті. 2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495-і – жеңіл көлік, 4 040 – жолаушы және 8 470 – жүк көлігі. Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға 13,833 млрд теңге қаражат төленді.

Аймақтар бойынша көлік тапсырудан Шымкент қаласы алда тұр. Аталған қала тұрғындары 12 068 көлік өткізген. Екінші орында  5 175 тапсырған Алматы қаласы және үшінші орында 4 788 техника өткізген Тараз қаласы тұр. Төрттікке 3 239 бірлік машина тапсырған Қарағанды қаласы жайғасқан.

Істен шыққан көлік құралдарын тапсыруды ынталандыру бағдарламасы басталғаннан бері қабылдау бекеттері 214 932 көлік құралын кәдеге жаратуға қабылдады. Оның ішінде 194 163 – жеңіл автокөлік, 14 590 – жүк техникасы және 6 179 – ауыр салмақтығы машина. Қабылданған техникалардың барлығы Қарағанды зауытына кәдеге жаратуға жіберіледі.

Қабылдау бекеттерінің мекенжайлары және электронды кезекке тұру recycle.kz сайтында «Қалдықтарды басқару», оның ішінде «Ескі көліктерді қабылдау» бөлімінде орналастырылған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері