Нұр-Сұлтан 20.6°
×
28.12.2021, 13:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша алдын алу шараларын енгізу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жандос Бүркітбаев эпидемиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде "омикрон” штамы таралуының жоғары қарқыны екенін айтты. 

30 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустың омикрон штамы 16 елде, ал бүгінгі күні әлемнің 110 елінде анықталды. Омикрон штамының таралу коэффициенті жоғары –  1:5-ке тең, сондай-ақ штамды қайта жұқтыру қаупі жоғарылағаны байқалады, – деді Ж.Бүркітбаев.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше ай бойы бүкіл әлемге таралады.

Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы бойынша "жасыл" статусы бар адамдарға ғана кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын енгізу ұсынылады.

Аталған норма 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілмекші.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері