Нұр-Сұлтан 20.6°
×
28.12.2021, 10:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жаппай ревакциналау жұмыстарын күшейту қажет – Мамин

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Жаппай ревакциналау жұмыстарын күшейту қажет – Мамин
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін баяндады. Инфекциялық және реанимациялық төсектердің жүктемесі 17% құрайды. Коронавирус инфекциясымен ауруханаға жатқызу және ауыр жағдайлар саны айтарлықтай азайды.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңірлердің көбісі (15) және жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» орналасқан. Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы «сары аймақта» тұр.

Бүгінгі таңда 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек адамдардың 80%-ға жуығы, 8,5 млн-ға жуық адам немесе ересек адамдардың 75%-ы екінші компонентін алды.

242 мың жасөспірім вакцинаның І компонентін алды, II компонентін – шамамен 90 мыңы. Ревакцинациядан 450 мың адам өтті.

Сонымен қатар әлемде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Үкімет басшысы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, оның ішінде үй-жайлар мен қоғамдық көліктерде маска тағу режимін, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтаудың қатаң міндеттілігіне ерекше назар аударды.

Премьер-министр тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырып, халықты жаппай ревакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды.

Жаппай ревакцинациялау жұмыстарын күшейту қажет. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 9 млн адамды ревакцинациялау қажет, — деді А. Мамин.

Вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап 6 ай уақыт өткен азаматтар бұған дейін салынған вакцинаның түріне байланысты қайта вакцина алады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері