Нұр-Сұлтан 20.6°
×
27.12.2021, 15:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде алдағы күндері 32 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» синоптиктері 28-30 желтоқсан аралығында ел аумағында болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде алдағы күндері 32 градусқа дейін аяз болады
Фото: Василий Крась

Алғашқы күндері Солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді. Салдарынан қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Одан кейін суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана құбылмалы ауа райы сақталады. Термометр бағаны түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері