Нұр-Сұлтан 18.6°
×
24.12.2021, 14:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Осылайша, жауын-шашын жауады, солтүстік өңірлерде қар түрінде, сондай-ақ көктайғақ, тұман, екпінді жел, бұрқасын болжанады, деп хабарлады Elorda.info.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Батыста түнде 14-23-тен 3-13-ке дейін аяз түсіп, күндіз 3 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-батыста түнде 17-33-тен 7-23-ке дейін, күндіз 10-25-тен 2-11-ге дейін аяз болады.

Солтүстікте ауа температурасы түнде -20-33, күндіз -10-26-дан -5-15-ке дейін аяз болады. Орталық пен шығыста ауа температурасы күрт төмендейді. Солтүстік-шығыста түнде -5-15-тен -10-25-ке дейін аяз, күндіз -2-11-ден -5-20 аяз болады.

Оңтүстікте түнде -15 аяздан кейін күндіз 3 градусқа дейін күн жылиды. Ауа температурасы -3-10 градус аралығында күрт суытып, қайта жылынып, құбылмалы болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері