Нұр-Сұлтан 17.1°
×
23.12.2021, 14:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Менің жауларым деп ойлаймын»: Мақпал Жүнісова «Ирина Кайратовнаның» жігіттеріне тісін қайрап отыр (ВИДЕО)

Халық әртісі бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

«Менің жауларым деп ойлаймын»: Мақпал Жүнісова «Ирина Кайратовнаның» жігіттеріне тісін қайрап отыр (ВИДЕО)

Мен сіздердің алдарыңызға бірауыз сөзбен шыққым келіп отыр. "Отыздан асып барамын" деген бір кино шыққан екен. Ол туралы кеше ғана естідім, біреулер сілтемесін жіберді. «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына бір кино шығыпты, ішіндегі ойнап жүрген кісі сізге ұқсамайды, бірақ сіз деп береді» деді. Біріншіден, мені ешкім киноға шақырған жоқ. Екіншіден, алдымнан ешкім өткен жоқ. Үшіншіден, мен әлі тірімін. «Өмірдің көбі кетіп, азы қалды» деген әндегі менің дауысым. Менің дауысымды басқа біреуге айтқыздырып, мен жанды дауыста айтып тұрмын, ол фонограммамен айтып тұр. Ол да ұятсыз қыз екен, менің алдымнан өтпей ме? «Апам әлі тірі, неге өзі айтпайды» деп айтпай ма? Сондықтан соттасып жүретін уақытым жоқ. Бірақ ол кинода ойнаған мен емес. Не болса да бұлар менің жауларым деп ойлаймын. Мені жаман қылып көрсеткісі келген. Кім түсірсе де бұл дұрыс емес, мен әлі жер бетінде бармын. Сенбеңіздер, ол жерде мен емес. Мен олай ойнамаймын, - деді әнші.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Қуаныш Бейсековтың режиссерлігімен Тәуелсіздік күніне орай "Отыздан асып барамын..." фильмі YouTube желісіне жүктелген болатын.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері