Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды Elorda.info.
Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 22 желтоқсан күні сағат 19.00 бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырымы, яғни Нұр-Сұлтан мен Теміртау қаласының аралығындағы учаске жабылды.
Көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған.
Жол жабылуына себеп - көктайғақ, қар, бұрқасын.