Нұр-Сұлтан 27.8°
×
21.12.2021, 13:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2022 жылы субсидияланатын рейстер белгілі болды

2021 жылғы 14 желтоқсанда республикалық бюджеттен келесі жылы субсидияланатын 23 әуе бағдарлары бойынша конкурс өтті, деп хабарлады Elorda.info ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

2022 жылы субсидияланатын рейстер белгілі болды

Оның ішінде Түркістан қаласына 10 бағдар, Көкшетау, Петропавл қалаларында 3 бағдар, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларында 2 бағдар бар.

Субсидиялау өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар сипаттағы тұрақты рейстерді орындау үшін жүргізіледі. Ол бағыттарда рейстерді коммерциялық негізде орындау кіріс әкелмейді.

Тасымалдаушылар ретінде «SCAT», «Qazaq Air» және «Южное небо» әуе компаниялары анықталды.

Әуе билеттерінің бағасы 9 мыңнан 25 мың теңгеге дейін болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері