«Уральские авиалинии» әуе компаниясы 2021 жылдың 17 желтоқсанынан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді кезең-кезеңімен жаңартады, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Рейстер А320 әуе кемесімен бірнеше бағыт бойынша орындалады:
Әуе рейсі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Айта кетсек, рейстерді жаңарту Қазақстанның ведомствоаралық комиссиясы мен Ресейдің коронавирусты таратпау жөніндегі жедел штабы шешіміне сәйкес жүргізіледі.