Нұр-Сұлтан 18°
×
17.12.2021, 16:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бақытжан Ертаев: Тәуелсіздікті сақтау, өркендету, жайнату бүгінгі ұрпақтың міндеті

Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Бақытжан Ертаев: Тәуелсіздікті сақтау, өркендету, жайнату бүгінгі ұрпақтың міндеті

«Бұл тәуелсіздіктің өз тарихы бар. Ата-бабамыз бұл күнді армандап, аңсап өтті. Осы жолда қаншама қан төгілді, жан берді. Осылайша кең байтақ жерге ие болдық. Біз егемендік алғанда ол кісілер бір аунаған шығар. Ал енді осы тәуелсіздікті сақтау, өркендету, жайнату біздің парызымыз, бүгінгі ұрпақтың міндеті. Осы күнге жеткенімізге қатты қуанамын», - деді Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.

Ол сөзін жалғай отырып, Бауыржан Момышұлының сөзін мысал етті.

«Мен бірінші күннен егемендігіміз үшін сапқа тұрдым. Қалай болса Отанымның бұйрығын орындау парызым. Әрбір ер адам Отан алдында парыз алып, елін қорғау міндетін орындауы керек. Баукеңнің (Бауыржан Момышұлы) айтқан сөзі бар «Ей, қайран қазақ, өз еліңнің құлы болсаң, басқа елдің құлы болмайсың. Отан үшін отқа түссең жанбайсың, суға түссең батпайсың» деген. Сол себепті тәуелсіздіктің қасиеті өте көп. Біз бақытты халықпыз. Себебі біздің ақсақалымыз, ақыл сұрайтын адамдарымыз бар. Жастарымыз бар, болашаққа сеніммен қарайтын. Елімізді гүлдетіп, жайнататын ұрпағымыз бар. Міне осы байланыс Отан үшін болуы керек. Елімнің суы көп, мен сол судың бір тамшысы болармын. Бұл менің елім, менің тәуелсіз Қазақстаным! Кең байтақ жеріміз тұтас болсын! Көпұлтты елім тату болсын! Қазақстанымыз жайнай берсін! Жер шарындағы ең озат елдің иесі болайық! Отыз жылдығымыз құтты болсын!» - деді Халық қаһарманы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері