Нұр-Сұлтан 13.4°
×
17.12.2021, 16:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Астаналық цирк мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік бағдарлама сыйлады

Астаналық цирк жетім және ерекше күтімді қажет ететін балаларға мерекелік көрініс көрсетіп, жақсы көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Elorda.info.

Астаналық цирк мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік бағдарлама сыйлады

Кішкентай балғындардың жүзіне күлкі сыйлау үшін акробаттар, сайқымазақтар, жонглерлер  барын салды.  Көңілдері алып-ұшқан балақайлар бір сәтке болса да сыйқыр-ғажайып әлеміне саяхат жасады. Сонымен қатар цирк балаларға арнап  «Столичный цирк зажигает огни» атты шоу ұйымдастырған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күннің ішінде циркке шамамен 1000 бала келген.

«Бізде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған. Арнайы лифт,  арбадағы мүгедектерге арналған көтергіштер бар. Біздің кішкентай көрермендерімізге шоу бағдарлама ұнады деген ойдамыз», - деді ұйымдастырушылар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері